Тәжікстан сарапшылары Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

Тәжікстан сарапшылары Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

Душанбеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған «дөңгелек үстел» өтті

          2023 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстанның Тәжістандағы Елшілігінде академиялық, іскерлік және сарапшы топтар, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның Экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған «дөңгелек үстел» өтті.

          Қазақстан Елшісі В.Төраханов өзінің сөзінде жиналғандарды Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауының негізгі баптарымен, демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған құрылымдар, заң үстемдігі және мемлекеттік шешімдерді қабылдауға азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталған құрылымдармен таныстырды. Елші, Президент өз жолдауында шынайы жаңа және әділетті қоғам құру экономикалық жаңартусыз және қуатты бәсекелес өндірістік саласыз мүмкін емес екеніне негізі акцентті жасағанын атап өтті.

          «Дөңгелек үстел» барысында Жолдау мәтіні бойынша белсенді пікір алмасулар болып, қатысушылар жүзеге асырылған бастамаларды, сондай-ақ Қазақстанда болып жатқан саяси және экономикалық реформаларды оңды бағалады.

          Сонымен бірге, жиналғандар Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев қатысқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бесінші Консультативтік кездесуі және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы-мемлекеттері басшылары кеңесі отырысының нәтижелері туралы ақпараттандырылды. Аталған сапар шеңберінде Қазақстанның мемлекеттік органдарының 400 астам өкілі қатысқан 14 басқа іс-шаралар қоса өткізілгені атап өтілді.