Душанбе, 2023 жылғы 21 тамыз. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов жаңадан тағайындалған Түрікменстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Аймурад Кочмурадовпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанның Елшісі екіжақты ынтымақтастықтың және көпжақты өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылап, Түрікменстанның Елшісін Тәжікстан Республикасындағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтады және алдағы жұмысына табыстар тіледі.