
2023 жылғы 10-12 тамызда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Таулы-Бадахшан автономиялық облысының Хорог қаласында өткен «Памиринвест-2023» халықаралық инвестициялық форумының жұмысына қатысты.
Сапар аясында оның ТБАО төрағасы Алишер Мирзонаботпен кездесуі өтті, онда өзара сауданы ұлғайту және инвестициялар тарту жөніндегі ынтымақтастық перспективалары, қазақстандық компаниялардың Тәжікстан Таулы-Бадахшан облысының кәсіпкерлерімен өзара іс-қимылының ықтимал бағыттары, сондай-ақ 2023 жылғы 3-4 мамырда өткен Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша мемлекет басшыларының тапсырмаларын іске асыру шеңберіндегі екі елдің өңірлері арасында байланыс орнату талқыланды.