Душанбе, 2023 жылғы 26 маусым. Тәжікстанның СІМ және ТР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы ұйымдастырған «Орталық Азия өзгермелі әлем жағдайында: мемлекет басшыларының 5-ші мерейтойлық консультативтік кездесуіне жол» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов, Тәжікстанның СІМ басшылығы, дипломатиялық корпус басшылары, жетекші сарапшылар мен саясаттанушылар, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері қатысты.
Қазақстандық дипломатиялық миссия басшысы өз сөзінде өңірлік кооперацияны нығайтуға арналған 2023 жылғы 14-15 қыркүйекте Душанбе қаласында өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бесінші консультативтік кездесуінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар Душанбе кездесуі жоғары деңгейде өңірлік ынтымақтастықты дамыту процесін нығайтуға, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайтуға ықпал ететіні туралы пікір алмасты.