
2023 жылғы 22-24 маусымда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі У.Төрехановтың Соғды облысына жұмыс сапары өтті.
Сапар барысында Соғды облысының төрағасы Р.Ахмадзодамен кездесуі өтті, кездесу барысында 2023 жылғы 3-4 мамырда Тәжікстан Республикасының Президенті Э. Рахмонның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша мемлекет басшыларының тапсырмаларын іске асыру тұрғысынан Қазақстан мен Тәжікстан өңірлері арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Өзара сауданы ұлғайту және инвестициялар тарту жөніндегі бірлескен жұмыстың жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Тәжікстанның Соғды облысының кәсіпкерлерімен, оның ішінде шикізатты қайта өңдеу және қосылған құны жоғары тауарларды өндіру саласындағы өзара іс-қимылының ықтимал бағыттары қаралды.
Худжандқа сапары аясында қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы "Сугд-2022" IX халықаралық сауда жәрмеңкесінің жұмысына қатысты, сондай-ақ бірқатар бірлескен қазақ-тәжік өндірістік кәсіпорындарында болды.