
2023 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі В.Төреханов Тәжікстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Д.Файзализодпен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен екі елдің Ұлттық кітапханалары арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Д.Файзализода кітапхана ісінің тарихы, кітапхана қоры, Тәжікстандағы кітап шығарудың мемлекеттік бағдарламалары мен кітапхана ісін дамыту, сондай-ақ кітапханада орналасқан әлемнің кітап бұрыштарының қызметі туралы ақпарат берді.
Қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Тәжікстандық оқырмандар мен жұртшылықты қазақ тарихымен және әдебиетімен жақсырақ таныстыру мақсатында Қазақстан Елшісі Кітапхана қорына Қазақстан халқының мәдениеті, дәстүрі мен сипаты туралы түсінік беретін кітаптарды сыйға тартты.