2023 жылғы 20 сәуірде Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігі, ШЫҰ достық және ынтымақтастық орталығы және Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы ұйымдастырған «Қазақстан-Тәжікстан: берік достықтан стратегиялық әріптестікке және бірлескен өркендеуге» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қазақстанның Елшісі У.Төреханов, Тәжікстан СІМ басшылығы, дипломатиялық корпус өкілдері, Тәжікстанның жетекші сарапшылары мен саясаттанушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар Қазақстан мен Тәжікстан басшылары арасындағы өзара сенімді қарым-қатынастар, екіжақты форматтағы саяси диалогтың жоғары деңгейі және халықаралық пен өңірлік ұйымдар шеңберіндегі мәселелер бойынша ұстанымдардың келісімділігі туралы ерекше баяндап, қазақ-тәжік стратегиялық әріптестік пен достық қарым-қатынастарының үдемелі сипатын атап өтті.
Сауда-экономикалық қызметтің оң динамикасы, мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықтың жандануы, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша тиімді байланыстарды нығайту жөніндегі мақсаттар мен перспективалар атап өтілді.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға бейнефильм ұсынылып, Қазақстан мен Тәжікстанның екіжақты қарым-қатынастары туралы фотокөрме ұйымдастырылды.