2023 жылғы 7 сәурде Душанбе қаласында ТМД-ның сыртқы шекараларын күзету жөніндегі әскери борышын орындау кезінде 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекара учаскесінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов, басқа елдердің дипломатиялық миссияларының өкілдері, Тәжікстан ардагерлеры-интернационалистеры, ТР Шекара қызметінің әскерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар қазақстандық жауынгерлер өздерінің әскери борышын өмір бағасымен орындағанын, әскери антына адал болып қалғанын және олар қорғағандардың жадында мәңгі қалатынын атап өтті.
Мемориал 2007 жылдың 15 желтоқсанында ашылды және 2021 жылы Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланының және басқа да қоғамдық ұйымдардың қолдауымен жаңартылып, қалпына келтірілді.