Душанбе, 2023 жылғы 1 наурыз. Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов 2023 жылғы 19 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен муниципалдық мәслихаттардың депутаттарының кезектен тыс сайлауына арналған брифингті өткізді. Іс-шараға Тәжікстанның саясаттанушылары, сарапшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Елші У.Төреханов қатысушыларды Қазақстанда жүргізіліп жатқан сайлау науқанының ерекшеліктері мен бастаулары туралы хабардар етті және осы тақырып бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Соңында дипломатиялық өкілдіктің басшысы қатысушыларға Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды жариялауда Елшіліктің қызметін тұрақты түрде қолдағаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ одан әрі бірлескен жемісті жұмыс тіледі.