Қазақстан Елшісінің Тәжікстан Ұлттық Банкі Төрағасымен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Тәжікстан Ұлттық Банкі Төрағасымен кездесуі туралы

2023 жылғы 28 ақпанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төрехановтың Тәжікстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Хоким Холикзодамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында екі елдің банкаралық ынтымақтастығының, оның ішінде бірінші және екінші деңгейдегі банктер арасында тәжірибе алмасудың өзекті мәселелері талқыланды.

Елдер арасындағы тауар айналымының өсуін ескере отырып, тараптар Тәжікстанда қазақстандық коммерциялық банктердің филиалдарын ашу мәселесін зерделеу қажеттігін атап өтті.

Сұхбат соңында Елші кездесу үшін Хоким Холикзодаға алғыс айтып, банк саласындағы қазақ-тәжік қарым-қатынастарын нығайту жұмысында жемісті өзара іс-қимылға дайын екендігін білдірді.