
2023 жылғы 14 ақпан, Душанбе. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төрехановтың Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Салық комитетінің төрағасы Нусратулло Давлатзодамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында екі елдің салық саласындағы ынтымақтастығының, оның ішінде ЭЫДҰ ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді өзектендіру мәселелері талқыланды.
Елші сұхбат соңында Нусратулло Давлатзодаға кездесу үшін алғыс айтып, салық-қаржы саласындағы қазақ-тәжік қарым-қатынастарын нығайту ісінде жемісті өзара іс-қимылға дайын екендігін білдірді.