2023 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы

2023 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2023 жылғы 19 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы №272 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру өтеді.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар. Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы №272 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Тәжікстан Республикасындағы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс телефон) dushanbe@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2023» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

- (+99237) 221 89 40;

- (+992) 990905777.