М. Тілеуберді мен С. Мухриддин Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті

М. Тілеуберді мен С. Мухриддин Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті

2023 жылғы 24 қаңтар, Ташкент. - Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысының аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің Орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен кездесті.

Кездесу барысында екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қазақ-тәжік қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін талқылады, өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты, сондай-ақ жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды мазмұнды толықтыру және сапалы ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар М.Тілеуберді мен С. Мухриддин 2023 жыл ішінде әртүрлі салалардағы екіжақты іс-шаралар өткізуді көздейтін Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.