Қазақстан Елшісі Уәлихан Төреханов Хатлон облысының төрағасы Давлатали Саидпен кездесті

Қазақстан Елшісі Уәлихан Төреханов Хатлон облысының төрағасы Давлатали Саидпен кездесті

2023 жылғы 19 қаңтарда Хатлон облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов пен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» Акционерлік қоғамының бас директоры Нұралы Бөкейханов бастаған Қазақстан кәсіпкерлерінің делегациясы Хатлон облысының Төрағасы Давлатали Саидпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның Хатлон облысы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ахуалы мен перспективалары талқыланды.

Іс-шара аясында Қазақстан кәсіпкерлерінің делегациясы мүшелерінің Хатлон облысының кәсіпкерлерімен ауыл шаруашылығы өнімдерін Қазақстан нарығына жеткізу саласындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша кездесуі өтті.