Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай концерт өтті

Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай концерт өтті

Душанбе, 2023 жылғы 10 қаңтар.  Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының өнер шеберлерінің концерті өтті.

Салтанатты шараға Тәжікстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының, БАҚ өкілдері және Тәжікстан Республикасындағы аккредиттелген дипломатиялық корпус шақырылды.

Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара қарым-қатынастың жоғары деңгейін, стратегиялық әріптестік, өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дамуының оң динамикасын, сондай-ақ қазақ және тәжік халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің берік байланыстарын атап өтті.

Салтанатты концерт барысында қазақтың халық әндері мен күйлері, Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, М.Байбосынов және басқа да авторлардың, соның ішінде тәжік шығармашылардың белгілі әндері орындалды.