Душанбе, 2023 жылғы 4 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Содик Имомимен кездесті.
Кездесу барысында Елші министрдің орынбасарынан 2023 жылғы 7 қаңтарда атап өтілетін Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның құттықтау жолдауын қабылдады.
Сонымен бірге кездесу барысында екіжақты және көпжақты күн тәртібінің өзекті мәселелер талқыланды.