Посол В.Туреханов подвел итоги деятельности Посольства в 2022 году.

Посол В.Туреханов подвел итоги деятельности  Посольства в 2022 году.

Душанбе, 2022 жылғы 27 желтоқсан. Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов 2022 жылғы Елшілік жұмысының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Тәжікстанның белгілі саясаттанушылар мен сарапшылар, ғылыми-мәдени топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Елші У.Төреханов Қазақстандағы болып отырған өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық нәтижелер, сондай-ақ екіжақты қазақ-тәжік қатынастарының жағдайы мен перспективалары туралы айтып берді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстан дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына орай 2023 жылы жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.