
Душанбе, 2022 жылғы 14 желтоқсан. Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Саъди Кодирзодамен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық өзара іс-қимылын дамытудың, Астана қаласында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның кезекті 17-ші отырысын өткізудің, сондай-ақ түрлі салалардағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетудің өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар 2022 жылдың 10 айында елдер арасындағы сауда айналымының 1,16 млрд. АҚШ долларына дейін өскенін қанағаттанушылықпен атап өтті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24% - ға артық.
Әңгіме соңында Елші Саъди Кодирзодаға кездесу үшін алғыс айтып, экономикалық саладағы қазақ-тәжік қарым-қатынастарын нығайту қызметінде жемісті өзара іс-қимылға дайын екендігін білдірді.