Душанбе, 2022 жылғы 25 қараша. Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындыларына арналған брифингті өткізді.
Іс-шараға, Мажлиси Намояндагон Мажлиси Олидің, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және Тәжікстан қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Елші У.Төреханов брифингке қатысушыларды Қазақстанда өткен кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындылары туралы хабардар етті және сайланған Қазақстан Республикасының Президентінің бағдарламалық бастамаларымен және оның мемлекетіміздің стратегиялық бағытын айқындайтын таяудағы жеті жылдағы Қазақстанның дамуы туралы көзқарасымен таныстырды.