2022 жылғы 25 қазанда Душанбе қаласында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігі Республика Күніне орай ресми қабылдау өтті. Салтанатты шараға Тәжікстанның мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустың өкілдері, Парламент депутаттары, белгілі қоғам және мәдени қайраткерлер, сондай-ақ сарапшылар мен БАҚ өкілдері шақырылды. Іс-шараға бас қонақ ретінде Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Усмонали Усмонзода қатысты.
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов өз сөзінде Қазақстанның соңғы уақыттағы жетістіктерін айта келе, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүзеге асырып жатқан саяси өзгерістері мен экономикалық реформаларының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен бірге, қазақ дипломаты екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен экономикалық өзара іс-қимыл серпіні жыл сайын дамып, нығайып келе жатқанына, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстан президенттері арасында қалыптасқан достық байланыстар мен өзара түсіністік сенімді қарым-қатынастарының арқасында жаңа сапалы деңгейге шыққанына назар аударды.