
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2022 жылғы 20 қарашада (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы №272 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Президентті сайлауға конституциялық құқығы бар. Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы №272 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Тәжікстан Республикасының аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) dushanbe@mfa.kz, a.shakhanov@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
(+992 37) 221 89 40;