
2019 жылғы 6 желтоқсанда Душанбе қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ресми қабылдау өтті. Салтанатты іс-шараға Тәжікстан Республикасы Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Фаррух Хамрализода, министрлер, өзге де мемлекеттік органдарының лауазым иелері, Тәжікстанның мәдениет және ғылым қайраткерлері, іскерлік орта мен БАҚ өкілдері, қазақ диаспорасының белсенділері, сондай-ақ ТР-де аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Елші Асқар Тәжібаев екі ел арасындағы бауырластық қатынастардың ғасырлар бойғы ортақ тарихы мен жақын рухани-мәдени мұрасы негізінде дамуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы қатынастар тәуелсіздік алғаннан бері достық және стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
Іс-шара қонақтары барлық қазақстандықтарды мереке күндерімен құттықтап, даму мен өркендеу тіледі.