Елші Асқар Тәжібаев Жапонияның Тәжікстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Такаюки Мияшитамен кездесті

Елші Асқар Тәжібаев Жапонияның Тәжікстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Такаюки Мияшитамен кездесті

2019 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев Жапонияның Тәжікстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Такаюки Мияшитамен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік өзара іс-қимылдың мәселелері талқыланды. 

Соңында А.Тәжібаев Жапонияның Елшісін Тәжікстан Республикасындағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, жұмысына табыстар тіледі.