Елші Асқар Тәжібаев Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Фаррух Хамрализодамен кездесті

Елші Асқар Тәжібаев Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Фаррух Хамрализодамен кездесті

2019 жылғы 29 қарашада Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан Республикасы Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Фаррух Хамрализодамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың, сондай-ақ түрлі салалардағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетудің өзекті мәселелері талқыланды.

Соңында Елші Фаррух Хамрализодаға кездесу үшін алғысын білдіріп, экономикалық саладағы қазақ-тәжік қатынастарын нығайту бойынша жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.