Елші Асқар Тәжібаев Тәжікстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Джамшед Джумахонзодамен кездесті

Елші Асқар Тәжібаев Тәжікстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Джамшед Джумахонзодамен кездесті

2019 жылғы 21 қарашада Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Джамшед Джумахонзодамен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Елші Джамшед Джумахонзодаға кездесу үшін алғысын білдіріп, экономикалық саладағы қазақ-тәжік қатынастарын нығайту бойынша жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.