Душанбеде Қазақстан Президентінің Жолдауын түсіндірілді

Душанбеде Қазақстан Президентінің Жолдауын түсіндірілді

 2019 жылғы 20 қарашада Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының негізгі тұстарын түсіндіруге бағытталған «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев, қазақстандық сарапшылар, ғылыми, мәдени және іскер топтар, БАҚ пен ТР-дегі қазақ диаспорасы өкілдері қатысты.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық институтының директоры Шавкат Сабиров «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауы: өзгерістер кезеңі» тақырыбында баяндама жасады. Экономикалық зерттеулер институтының тәуелсіз директоры Шыңғыс Қанапьянов қатысушыларды «Қазақстан мен Тәжікстанның экономикалық контекстегі қарым-қатынасы» тақырыбындағы баяндамамен таныстырды.

Іс-шара аясында Қазақстандағы билік транзиті, Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік және Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағы туралы кең пікірлер алмасылды.