Душанбе, 2022 жылғы 22 қыркүйек. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов тәжік ғылыми-академиялық, іскерлік топтары мен бұқаралық ақпарат құралдарының сарапшыларымен кездесу өткізді.
Қазақ дипломатиялық миссиясының басшысы қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларымен, оның ішінде Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысынан таныстырды, сондай-ақ Астана атауының өзгеруі, сондай-ақ 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс президенттік сайлаудың өткізілуі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, қатысушылар арасында Жолдаудың тәжік тіліне аударылған мәтіні бар брошюралар таратылды.
Кездесу барысында қатысушылар екі елдің ғылыми-талдау және сараптамалық қоғамдастықтарын тарта отырып, пікірталас алаңын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.