2022 жылғы 20 қыркүйекте Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Қазақстан мен Тәжікстан Парламенттерінің төменгі палаталары арасындағы достық пен ынтымақтастық тәжік тобының жетекшісі, Регламентті бақылау және жұмысты ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы Джамшед Сайдали Муртазозода бастаған Тәжікстан Республикасының Мажлиси намояндагон Мажлиси Оли депутаттарымен кездесті.
Кездесу барысында қазақ-тәжік ынтымақтастығының өзекті мәселелері және Қазақстан мен Тәжікстан парламентшілерінің кездесу кестесін қоса алғанда, парламентаралық өзара іс-қимылдың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.