Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов «Рохи охани Точикистон» («Тәжікстан темір жолы») МУК басшысы Комил Мирзоалимен кездесті

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов «Рохи охани Точикистон» («Тәжікстан темір жолы») МУК басшысы Комил Мирзоалимен кездесті

2022 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов «Рохи охани Точикистон» («Тәжікстан темір жолы») МУК бастығы Комил Мирзоалимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында теміржол саласындағы, соның ішінде Тәжікстанға жаңа буындағы қазақ локомотивтерін жеткізу бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Осы тұрғыда Елші У.Төреханов К.Мирзоалиге «Рохи охани Точикистон» үшін қазақ өндірушілерінің экспорттық мүмкіндіктерімен егжей-тегжейлі таныстырды.

Өз кезегінде тәжік тарапы Тәжік темір жолының, бірінші кезекте рельстер мен жартылай вагондардың қажеттіліктері үшін қазақстандық темір жол машинасын жасау өнімдерін жеткізуге қызығушылық білдірді.

Кездесу соңында Елші У.Төреханов кездесу үшін алғыс айтып, қазақ-тәжік қарым-қатынастарын стратегиялық серіктестік рухында нығайту ісінде жемісті ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.