Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Сауда-Өнеркәсіп Палатасының Төрағасы Джамшед Джумахонзодамен кездесті

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Сауда-Өнеркәсіп Палатасының Төрағасы Джамшед Джумахонзодамен кездесті

2022 жылғы 14 қыркүйекте Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Джамшед Джумахонзодамен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытудың, оның ішінде бизнес өкілдері арасында тікелей байланыстар орнатудың, сондай-ақ көрмелер, форумдар мен сауда миссияларын өткізудің өзекті мәселелері талқыланды.

Сұхбат соңында Елші У.Төреханов экономикалық саладағы қазақ-тәжік қарым-қатынастарын нығайту ісінде жемісті өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін білдірді.