
2022 жылғы 13 қыркүйек, Душанбе. Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның Мәдениет министрі Зульфия Давлатзодамен кездесуді откізді.
Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін, оның ішінде 2022 жылғы 23-24 қыркүйекте Қазақ киносының Тәжікстанда күндерін өткізуді талқылап, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы мәдени жолдағы елеулі әлеуетті атап өтіп, осы бағыттағы белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.
Елші У.Төреханов сұхбаттасушыны 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырып, оның тәжік тіліне аударылған толық мәтінін табыс етті.