Елші Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Ғұламалар Кеңесінің төрағасы, мүфтиі Саидмукаррам Абдукодирзодамен кездесті

Елші Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Ғұламалар Кеңесінің төрағасы, мүфтиі Саидмукаррам Абдукодирзодамен кездесті

2022 жылғы 8 қыркүйекте Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі У.Төрехановтың  Тәжікстан Республикасының Ғұламалар Кеңесінің төрағасы, мүфтиі С.Абдукодирзодпен кездесуі өтті, оның барысында тәжік делегациясының әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІI съезінің жұмысына қатысуына байланысты мәселелер талқыланды (Нұр-сұлтан, 2022 жылғы 13-15 қыркүйек).

Тәжікстан Республикасының Ғұламалар Кеңесінің басшысы, мүфтиі С.Абдукодирзода Қазақстан тарапына алдағы Съездің қызметін ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы үшін алғысын білдіріп, оның тақырыбының бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін өзектілігін атап өтті.

Кездесу барысында Елші У.Төреханов сұхбаттасушыны 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырып, оның тәжік тіліне аударылған толық мәтінін табыс етті.