
2022 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Хатлон облысының Дангара ауданында жұмыс сапарымен болды. Сапардың мақсаты Қазақстан мен Тәжікстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болды.
Сапар барысында Елші У.Төреханов Данғара ауданы төрағасының орынбасары К. Холзодамен кездесу өткізіп, «Данғара» Еркін экономикалық аймағының қызметімен танысты. Кездесу барысында тараптар оның аумағында бірлескен кәсіпорындар құру арқылы қазақстандық компаниялардың тәжік серіктестерімен ынтымақтастығының ықтимал бағыттары туралы пікір алмасты.