2022 жылғы 23 маусымда Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, оның ішінде үкіметтік және үкіметтік емес журналдарының, газеттері, интернет-порталдары мен радиостанцияларының журналистерімен кездесті.
Іс-шара барысында Елші У.Төреханов қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өткен референдум туралы хабардар етті, сондай-ақ қазақ-тәжік ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларымен, сауда, энергетика, өнеркәсіп, су ресурстарын тиімді пайдалану, туризм, мәдениет, білім беру және гуманитарлық өлшем салаларындағы қатынастарды жан-жақты нығайтумен таныстырды.
Қатысушылар екі елде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимылды нығайту мақсатында осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуге келісті.