Қазақстан Елшісі Уәлихан Төреханов Соғды облысына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Елшісі Уәлихан Төреханов Соғды облысына жұмыс сапарымен барды

2022 жылғы 16-18 маусымда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі У.Төреханов Тәжікстан экономикасының негізгі локомотивтерінің бірі болып табылатын Соғды облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Елші Худжанд  қаласында өткен VIII халықаралық «Согд-2022» сауда жәрмеңкесіне қатысып, облыс өкілдерімен сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде келіссөздер жүргізді.

Соғды облысының Төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен кездесу барысында өзара сауданы арттыру және инвестициялар тарту бойынша бірлескен жұмыстың жай-күйі мен перспективалары қаралды, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Тәжікстанның Соғды облысының кәсіпкерлерімен, оның ішінде шикізатты қайта өңдеу және қосылған құны жоғары тауарларды өндіру саласындағы ынтымақтастығының ықтимал бағыттары талқыланды.

Сол күні қазақстандық делегация мақта талшығын қайта өңдеу және дайын мақта-мата бұйымдарын шығару жөніндегі «Карера» кластерлік үлгідегі кәсіпорынға, сондай-ақ 320 га аумақты алып жатқан және экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін дамыған өнеркәсіптік және коммуникациялық инфрақұрылымы бар «Сугд» еркін экономикалық аймағына (АЭА) барды.

«Сугд» АЭА Әкімшілігінің Басшысы И.Камолиддинзодамен кездесу барысында тәжік тарапымен өндірістің түрлі салаларында, оның ішінде бірлескен қызмет үшін қазақ инвесторларын тарту арқылы ынтымақтастық перспективалары туралы пікір алмасылды.