2022 жылғы 31 мамырда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» саяси бастамасы шеңберінде өткізілетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі 2022 жылғы референдумға арналған «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов, Маджлиси Намояндагон Маджлиси Оли, ғылыми-мәдени топтар, бұқаралық ақпарат құралдары мен Тәжікстанның қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Елші У.Төреханов «дөңгелек үстелге» қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негіздері, ерекшеліктері мен сипаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың елде жүргізіп жатқан саяси реформалары туралы хабардар етті. Қатысушылар арасында 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум барысында жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылатын конституциялық түзетулер жөніндегі заң жобасының инфографикалық материалдары мен мәтіні таратылды.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Қазақстанда демократиялық реформаларды енгізу жөніндегі бағытын жоғары бағалады..