
2022 жылғы 20 мамырда Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінің төрағасы Сұлтан Рахимзодамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Арал теңізі бассейніндегі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірлескен іс-қимыл шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
С.Рахимзода Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінің қазіргі қызметі мен жоспарлары және Қордың ұйымдық құрылымы мен нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан делегациясының 2022 жылғы 6 маусымда Душанбеде өтетін «Тұрақты дамуға арналған су, 2018-2028 жж.» (2022 ж. 6-9 маусым, Душанбе қ.) халықаралық онжылдық іс-қимыл бойынша жоғары деңгейдегі екінші халықаралық конференция шеңберінде өткізілетін «Өңірлік ынтымақтастыққа арналған су» Орталық Азия форумына қатысу мәселелерін талқылады.