
2022 жылғы 13 мамыр, Душанбе. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин және Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Уәлихан Төреханов қатысты.
Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 7 қаңтарда орнатылды және келесі жылы екі мемлекет дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеді.