Душанбе, 2022 жылғы 6 мамыр. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 10 (он) тұрғын вахталық контейнерді құрайтын гуманитарлық көмекті ресми тапсыру рәсіміне қатысты. Гуманитарлық жүк ТР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттік директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевқа тапсырылды.
Елші У.Төреханов рәсім барысында Тәжікстан – Қазақстанның сенімді серіктесі және одақтасы, достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық ынтымақтастық пен екі бауырлас ел арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде гуманитарлық өлшемде де қарқынды дамып, нығайып келе жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Сохибджон Зиёдуллоев тәжік тарапы Қазақстан Республикасы Үкіметінің көрсеткен көмегін жоғары бағалайтынын атап өтті.