
2022 жылғы 3 мамыр, Душанбе. Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Давлатали Саидпен кездесу өткізді.
Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың 2021 жылғы мамырда Душанбе қаласына жасаған ресми сапары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 2021 жылғы наурыздағы кезекті отырысы кезінде қол жеткізілген келісімдердің орындалуы тұрғысында талқыланды.
Кездесу барысында көтерме-тарату орталықтарын құру, су мәселесі және Тәжікстанға астық пен ұн жеткізілімдері мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар өзара сауданың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Тәжікстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін үлкен әлеует бар екенін атады.