Душанбеде Қазақстан Елшісі Тәжікстан СІМ басшысының орынбасарымен кездесті

Душанбеде Қазақстан Елшісі Тәжікстан СІМ басшысының орынбасарымен кездесті

2022 жылғы 26 сәуір, Душанбе. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Музаффар Хусейнзодамен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстанның көпжақты өзара іс-қимылының маңызды мәселелерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі бірлескен іс-шараларды талқылады.