2022 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Содик Имомиге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.
Кездесу барысында қазақ-тәжік қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен келешегі, көпжақты өзара іс-қимыл аясындағы екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар кестесі талқыланды.
Елші У.Төреханов достық пен стратегиялық әріптестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, қазіргі уақытта өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және екіжақты тауар айналымын арттыру үшін айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті.