Қазақстанның Елшісі А.Тәжібаевты Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі С.Мухриддин қабылдады

Қазақстанның Елшісі А.Тәжібаевты Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі С.Мухриддин қабылдады

Душанбе. 2022 жылғы 19 наурызда Қазақстанның Елшісі Асқар Тәжібаевты Тәжікстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин қабылдады.

Елші А.Тәжібаев Тәжікстан СІМ басшысы мен сыртқы саяси ведомствосының бүкіл ұжымына бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, Тәжікстандағы өз қызметі барысында ел басшылығы мен барлық мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстанның өзі басқарып отырған дипломатиялық миссиясына жылы шырайлы әрі достық қарым-қатынасты сезінгенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, екі ел арасындағы бауырластық және сенімді қарым-қатынастарды нығайту және жетілдіру бойынша Қазақстан мен Тәжікстан басшылары қол жеткізген барлық уағдаластықтар бұдан әрі де мүлтіксіз жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

Сұхбат соңында Тәжікстан Сыртқы істер министрі С.Мухриддин А.Тәжібаевқа бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі.