
2021 жылғы 30 желтоқсанда Душанбеде Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Музаффар Хусейнзодамен кездесті.
Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі тараптар ынтымақтастығының маңызды мәселелерін, оның ішінде алдағы жылға арналған бірлескен бастамаларды талқылады.