2021 жылғы 28 желтоқсанда Душанбе қаласында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаевтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Елшіліктің 2021 жылғы қызметінің қорытындыларына арналған брифингі өтті,
Іс-шараға Тәжікстан Республикасының саяси-сараптамалық Қоғамдастығының, ғылыми-мәдени топтарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Елші А.Тәжібаев Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі жетістіктерін атап өтіп, Еліміздегі ішкі саяси өзгерістер, әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және екіжақты қазақстан-тәжік достық пен ынтымақтастық қатынастарының жай-күйі туралы хабардар етті.