2021 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстандағы Түрік халықаралық ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) елдік кеңсесінің директоры Ибрагим Эрбирмен кездесті, оның барысында Қазақстан Елшісі Түрік тарапын жақында құрылған Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ("KazAID") қызметі туралы хабардар етті.
Ибрагим Эрбир мырза "KazAID" - тің Тәжікстандағы дамуға ресми көмек саласындағы жобаларды іске асыру бойынша алғашқы қадамдарымен танысты. Атап айтқанда, "KazAID" онлайн режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізгені атап өтілді (2021 жылғы 25-26 қазан).
Келіссөздер қорытындысы бойынша Тәжікстандағы ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және ақпараттық технологиялар саласындағы тәжік мамандарын даярлау салаларындағы "KazAID" және "ТІКА" жобаларын бірлесіп іске асыру мәселесін пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.