
2021 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Тәжікстан басшысы Қазақстан басшысын және оның атынан бауырлас Қазақстан халқын тарихи мерейтойымен — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығымен құттықтады.
Тәжікстан Президенті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген елеулі табыстары мен мемлекеттік құрылыс, орнықты әлеуметтік-экономикалық даму және халықаралық аренада өзінің беделін нығайту ісінде зор прогреске қол жеткізгенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ стратегиялық әріптестік форматында дәйекті түрде дамып келе жатқан Қазақстан-тәжік қарым-қатынастарын достық пен ынтымақтастық рухында тұрақты түрде кеңейту және тереңдету атап өтілді.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға ресми сапары аясында мемлекетаралық келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі жан-жақты іске асырудың маңыздылығына назар аударды.
Президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.