Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегі тәжік тарапына берілді

Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегі тәжік тарапына берілді

2021 жылғы 22 маусымда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев Қазақстан Республикасының ізгілік көмегін тәжік тарапына ресми тапсыру рәсіміне қатысты. Тәжікстанға 10000 (он мың) тонна ұн жеткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 19-20 мамырдағы Тәжікстанға ресми сапары барысында коронавирустық инфекция пандемиясының салдарынан туындаған дағдарыс жағдайында азық-түлік қорларын толықтыру мақсатында тәжік тарапына кезекті гуманитарлық көмек беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан басшысының 2021 жылғы 25 мамырдағы сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия жалпы сомасы 1 млрд. 285 млн. теңгеге немесе 3 млн. 669 мың АҚШ долларына 10 мың тонна бидай ұны түрінде Қазақстанның Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетуі туралы шешімді бекітті.

Аталған жүкке арналған сертификатты Қазақстанның Елшісі ТР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттік директорының орынбасары Сохибджон Зияуллоевке берді.

Қазақстан Елшісі Асқар Тәжібаев Қазақстанның бауырлас Тәжікстан халқына жыл сайын гуманитарлық көмек көрсетіп келе жатқанын, оның жалпы көлемі 2006 жылдан бері ақшалай баламада шамамен 45 млн АҚШ долларын құрағанын атап өтті.

Өз кезегінде Сохибджон Зиедуллоев тәжік тарапы Қазақстан Республикасы Үкіметінің көрсеткен көмегін жоғары бағалайтынын атап өтті.