
2021 жылғы 12 мамыр, Душанбе. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Музаффар Хусейнзодамен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын (ОАӨАҮО) қоса алғанда, халықаралық және өңірлік бірлестіктер шеңберінде тараптар ынтымақтастығының маңызды мәселелерін талқылады.