Душанбеде Қазақстан Елшісі Тәжікстан СІМ басшысының жаңа орынбасарымен кездесті

Душанбеде Қазақстан Елшісі Тәжікстан СІМ басшысының жаңа орынбасарымен кездесті

2021 жылғы 11 мамыр, Душанбе. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жаңадан тағайындалған Орынбасары Содик Имомимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Тәжікстан стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 19-20 мамырға жоспарланған Тәжікстан Республикасына ресми сапарына дайындық барысы туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, Асқар Тәжібаев Содик Имомиді Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.